«Миланға» емес - «Ертіске». Сербиялық қорғаушы Қазақстанда доп тебеді
Павлодарлық «Ертістің» сапына сербиялық қорғаушы Урош Витас келіп қосылды, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.
26 жастағы орталық қорғаушы мансабын «Рад» клубында бастаған. Соңғы жылдары бельгиялық «Гент» және «Мехелен» командаларында өнер көрсетті. Сербияның жасөспірімдер және жастар құрамасында ойнаған.
Урош Витас «Мехелен» командасынан кеткеннен соң жарты жыл бойы жасыл алаңға шықпаған. Енді «Ертістің» жейдесінде бір жыл топ тебеді. Transfermarkt футболшының нарықтағы құнын 1 миллион евроға бағалап отыр.
Бұған дейін шетелдік БАҚ Урош Витасты италиялық<span> </span><span>«</span>Миланға<span>»</span> ауысуы мүмкін деп жазған болатын.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или