«Астананың» сапына жас қақпашы қосылды

«Астананың» сапына жас қақпашы қосылды

Бүгін «Астананың» Түркиядағы оқу-жаттығу жиынына 20 жастағы қақпашы Данил Подымский келіп қосылды, деп хабарлайды Prosports.kz елордалық клубтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

<span style="font-style: inherit; font-weight: inherit;">Подымскийдің клубпен қазіргі таңда келісімшарты бар. Ол 2016-17 жылғы маусымда «Астана-Ж» сапында Екінші Лигада ойнаған болатын. Жас қақпашы өткен жылы «Алтай» сапында жалда ойнап, Бірінші Лигада 18 ойын өткізіп, қақпасына 11 гол жіберген еді.</span>

<span style="font-style: inherit; font-weight: inherit;">Данил Қазақстанның барлық жастағы жасөспірімдер құрамаларына шақырту алып, өткен жылы еліміздің жастар құрамасы сапында жолдастық кездесулерде алаңға шыққан болатын.</span>

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или