Қостанайда ҚКФЛ Жалпы жиыны өтеді
11 ақпан күні Қостанайда Қазақстан кәсіпқой футбол лигасының Жалпы жиыны өтеді, деп хабарлайды Prosports.kz cайты ҚКФЛ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Шара Премьер-лига клубтары арасында футболдан Қазақстан Чемпионатының 1 және 2 айналымының күнтізбесінің жеребесін тартудан басталады.
Әрі қарай делегаттар Бірінші және Екінші лиганың күнтізбесіне қатысты сұрақтарды талдап, ұйымның құрамына жаңа мүшелерді қабылдауды қарастырады.
Сонымен қатар, Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетовтің шақыруымен қазақстандық клубтардың өкілдері «Тобыл» футбол клубының спорт нысандарын аралап, жаңа манеждің ашылу салтанатына қатысады.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или