Аршавин «Аңыздар кубогы-2019» турниріне қатысады

Аршавин «Аңыздар кубогы-2019» турниріне қатысады

Константин Еременко атындағы «Аңыздар кубогы» дәстүрлі футбол турниріне қатысатын екі команданың құрамы белгілі болды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Ресей құрамасы сапында төмендегі ойыншылар өнер көрсетеді:

Қақпашы: Александр Филимонов.

Қорғаушылар: Олег Корнаухов, Дмитрий Хлестов, Юрий Ковтун.

Жартылай қорғаушылар: Евгений Алдонин, Игорь Зырянов, Егор Титов, Дмитрий Аленичев, Роман Широков, Андрей Каряка, Андрей Аршавин.

Шабуылшы: Роман Павлюченко.

Айта кетерлігі, футболдағы мансабын 2018 жылы ғана аяқтаған Аршавин бұл турнирге алғашқы рет қатысқалы отыр.

Португалия құрамасы: Қақпашылар Паулу Сантуш, Нену; қорғаушылар: Мигел Монтейро, Фернандо Мейра, Пауло Феррейра, Пауло Мадейра; жартылай қорғаушылар: Симау Саброза, Нуну Валенте, Педро Мендеш, Нуну Ассиш; шабуылшылар: Нуну Гомеш, Паулета.

Турнирде бұлардан бөлек, Германия, Испания, Нидерланды және футбол жұлдыздарының халықаралық құрама командалары өнер көрсетеді. Қалған командалардың құрамы кейін жарияланатын болады.

«Аңыздар кубогы-2019» Мәскеуде, Лужники шағын спорт аренасында 23 және 24 ақпан күндері өтеді. Турнир 11 жыл қатарынан өткізілді. Ресей құрамасы - турнирдің 11 дүркін жеңімпазы.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или