Тағы бір әлемдік жұлдыз қытайлық клубқа ауысты

Тағы бір әлемдік жұлдыз қытайлық клубқа ауысты

«Наполидің» капитаны Марек Гамшек мансабын қытайлық лигада жалғастырады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Sky Sport ақпаратына сүйенсек, 31 жастағы словакиялық жартылай қорғаушы «Далянь Ифанмен» үшжылдық келісімшартқа отырды.

Қытайда Марек жылына 9 миллион еуро жалақы алады. Бұл трансфер үшін қытайлық команда «Наполиге» 15 млн еуро төлеген.

Айта кетейік, Гамщик «Наполи» сапында 2007 жылдан бері ойнап келеді. Содан бері ол 519 матчқа қатысып, 121 гол мен 111 нәтижелі пастың авторы атанды. Ол «Наполи» тарихында ең көп матч өткізген және ең көп гол соққан ойыншы саналады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или