Николай Панин: Біз трансфер саясатын дұрыс жүргізіп келеміз
Жыл сайын мемлекет қаржысынан еліміздегі футбол командаларына қаржы бөлінетіні рас. Және ол команданың жетістіктерге жетуіне септігін тигізетіні сөзсіз.
Айта кету керек, көптеген мамандар өткен жылғы "Тобылдың" жетістігін қаржылық жағдайлармен байланыстырды, Сонымен қатар қаражаты жағынан елдегі ең бай клуб ретінде қатарға қосты.
Барлығы ақшаға байланысты емес, - деп жауап берді «Тобыл» ФК директоры Николай Панин.

- Кейбір БАҚ-та Премьер-лига клубтарының бюджеті туралы ақпарат шығып жатыр. Соның ішінде «Тобыл» «қалталылар» қатарынан түскен емес. Бұл туралы не дейсіз?

- Осы жылы «Тобыл» ашық саясат ұстанады, яғни біз бюджет туралы ешнәрсе жасырмаймыз. 2019 жылғы клубтың бюджеті үш миллиард теңге шамасында. «Тобыл» футбол клубы – тек қана ондаған футболшы және бапкерлік құрам емес. Бізде Екінші лигада өнер көрсететін қосалқы құрам, Футбол орталықтары бар. Соңғысында жүздеген бала доп тебеді. Оған қоса, осы жылы қыздар тобына іріктеу жинап жатырмыз.

- Бюджет клуб ішінде қалай бөлінеді?

- Кез келген футбол клубы қаншама шығын шығарады. «Тобыл» да солардың қатарында. Біз салық ретінде 150 миллион теңгені ел қазынасына қайтарамыз, 250 миллион теңге өскелең ұрпақ арасында футболды дамыту үшін жұмсалады, осы тұста "Тобыл" ФК футбол орталықтарына кететін шығынды айта кету керек. Ойын алаңын жалға алу, спорт жабдықтары, іс-сапарлар және басқаларына ақша жұмсалады. Бұдан 2 млрд 600 млн теңге артық қалады. Оны кәсіби командалар – негізгі және қосалқы құрамның шығындарына бағыттаймыз. Бұл сомаға барлық әкімшіліктің жұмысы мен инфрақұрылымдық нысандарды сақтау кіреді.

Айта кету қажет қаражаттың едәуір бөлігі демеушілерден түседі. Осы жылы да өзіміздің серіктесіміз «Полиметалл» компаниясынан 350 миллион теңге көмек күтеміз. Қазіргі уақытта жаңа серіктестер мен демеушілер іздеп жатырмыз.

- Осы жылы "Тобыл" трансферге қанша ақша жұмсады?

- «Тобыл» көп жағдайда ойыншыларды сатып алмайды. Мұны тексеру оңай. Қазір біз бес жаңа футболшымен келісім-шартқа қол қойдық: Михаил Гордейчук, Руслан Валиуллин, Андрей Пасеченко, Александр Клещенко, Эмиль Балаев. Олардың барлығы еркін агенттер келді, яғни олардың бұрынғы жұмыс берушілермен келісім-шарттары аяқталды. Сондықтан біз қаражат шығарған жоқпыз.

- Әлеуметтік желілерде жазылып жүрген ақпараттарды жоққа шығарасыз ба?

- Жақында желіде Балаев үшін 52 мың еуро төлегендеріңіз туралы ақпарат пайда болды, бұл Transfermarkt таратқан жалған ақпарат. Ол еркін агент ретінде келді. Бұл жерде Валерий Газзаевтың беделі үлкен рөл атқарды.

Біз әзірге "Тамбов" футбол клубымен келісім-шартты жоспарлап отырмыз. Бірақ, мұнда да журналистер асығыстық танытып отыр. Сенин Себаи үшін "Тобылдың" 500 мың евро шығарғаны дұрыс ақпарат емес. Сабаи үшін 50 мың доллар төлейміз.

Бұл ретте клубтың трансферлік кезеңдегі қызметі аяқталады, бірақ бюджетпен жұмыс жалғастырылатын болады. Кейбір ойыншылардың біздің клубымызға қаржылық жүктемені азайту үшін жалға беретінімізді жоққа шығармаймын.

- Спорт сайттарының бірінде" Тобыл" 2018 жылы қаражаты мол үш клубтың қатарына енгені жазылды. Бюджеті 4,2 миллиард теңге деп көрсетілді. Бұл рас па?

- Бұл ойдан шығарылған ақпарат. Ондай бюджет "Тобылда" болған емес. Біздің былтырғы және осы жылғы ақшамызда айырмашылық жоқ. «Астана» мен «Қайраттың» ақшасы бізден әлдеқайда көп болды. Қазір осы деңгейге «Ордабасы» клубы жақындап келеді.