Михал Билектің ұлттық құрамамен келісімшартының мерзімі белгілі

Михал Билектің ұлттық құрамамен келісімшартының мерзімі белгілі

Қазақстан құрамасының бас бапкері Михал Билек Астанада өткен баспасөз мәслихатында келісімшартының неше уақытқа жасалғанан айтты, деп хабарлайды<span> </span>Prosports.kz<span> </span>сайты.

- Келісімшартыңыз қай жылға дейін жарамды? 

- Тек бір жылға келісімшартқа отырдық.

Айта кетейік, <span>53 жастағы чех маманы Қазақстан құрамасының тізгініне 19 қаңтар күні келген болатын.</span>

Михал Билек 1965 жылы 13 сәуірде дүниеге келген. Футболшы кезінде Чехословакия және Чехия құрамаларының жартылай қорғаушысы болған. Жаттықтырушы қызметін чехиялық «Теплице» клубында бастады. Сонымен қатар, «Картахинес» (Коста-Рика), «Хмел», «Виктория Плзень», «Спарта Прага», «Высочина» (барлығы - Чехия), «Ружомберок» («Словакия»), «Динамо Тбилиси» (Грузия) футбол клубтарын жаттықтырды. Соңғы жұмыс орны - чехиялық «Фастав Злин» командасы.

Михал Билектің жаттықтырушылар штабына енгендер: көмекшілері - словакиялық Михал Хипп және Талғат Байсуфинов, қақпашылардың жаттықтырушысы - Николай Родионов.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или