«Ақтөбе» сапына польшалық ойыншы келді
Түркияда «Ақтөбенің» екінші оқу-жаттығу жиыны басталды.
Клубтың баспасөз-қызметі берген ақпаратқа сүйенсек, «ақ-қызылдар» сапына қаралымнан өту үшін поляк Патрик Малецки қосылған. 30 жастағы шабуылдауғы жартылай қорғаушы краковтік «Висланың» ойыншысы саналады. Қазірге дейін ол словакиялық «Спартакта» жалда ойнаған.
Малецки Польшаның түрлі жастар құрамасында өнер көрсетті. Ал өз елінің ұлттық құрамасы сапында 8 матч өткізіп, 2 гол соққан.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или