«Ақжайық» бас бапкері: Бүгінгі ойынның оңай болмайтынын білдік
Болгариялық «Ботев» Враца клубымен болған ойыннан кейін «Ақжайық» ФК-ның бас бапкері Сергей Зайцев матч туралы өз ойын білдірді, деп хабарлайды Prosports.kz.
<span>- Әрине, бүгінгі ойынның оңай болмайтынын білдік. Жігіттер екі күнде төрт жаттығу және бір ойын өткізді. Ол дегеніміз үлкен салмақ. Бірақ, біздің көздеген өз мақсатымыз бар. Ойын көңілімнен шықты. Қарсыласымыз да қарымды болды. Команданың осал тұстарын көре алдық. Жұмыстанатын боламыз. </span>
<span>Ал, ойынға келер болсақ, бірнеше мүмкіндігімізді пайдалана алмадық. Төрешілерге бар кінәні артқым келмейді. Бірақ, жоқ дегенде бір пенальти қоюы керек еді. Офсайдтан енген алғашқы гол ойын өрнегімізді бұзғанымен, ойыншыларымызды жасыта қойған жоқ. Керісінше, жинақылық танытып, жақсы ойын көрсеттік. Жаңа ойыншылар да командаға сіңісіп келеді. Болашақта тағы да жақсы футболшылар келеді деген үміт бар. ОЖЖ-ның әр күнін тиімді пайдаланып, шеберлігімізді шыңдай түсеміз деп ойлаймын. Алда әлі үш жолдастық матч бар. Басты мақсатымыз -командалық ойынды қалыптастыру. Барлығын уақыт көрсетеді. Біріншілік басталғанға дейін уақыт жеткілікті. Басты кемшіліктерімізді көрдік. Түзетеміз.</span>