Коутиньо – «Барселонадан» кететіні жайлы: Не боларын ешкім білмейді
Жартылай қорғаушы Филиппе Коутиньо «Барселонада» қалатынына сенімді емес. Бұл туралы ол «Севильяға» (6:1) қарсы матчтан кейін айтты, деп хабарлайды Prosports.kz.
«Не боларын ешкім білмейді. Қазір бар ойым – талмай еңбек ету», - деді бразилиялық футболшы.
Бұған дейін БАҚ беттерінде «Барселона» Коутиньоны 157 млн еуроға сатуы мүмкін деген ақпарат шыққан болатын. Футболшыны «Манчестер Юнайтед» сатып алуы ықтимал.
Айта кетейік, бразилиялық футболшы «Барселонаға» 2018 жылы қаңтарда «Ливерпульден» ауысқан болатын. Осы маусымда Коутиньо Испания чемпионатында 16 матчқа қатысып, 4 гол мен 1 нәтижелі пастың авторы атанды.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или