Зайнутдиновтың командасы бір легионермен қоштасты

Зайнутдиновтың командасы бір легионермен қоштасты

«Ростов» жартылай қорғаушы Жан Майердің командадан кеткенін мәлім етті. Словениялық футболшымен келісімшарт екі жақтың келісімі бойынша тоқтатылды, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Ростовқа» 26 жастағы Майер 2017 жылы жазда словениялық «Домжаледен» ауысқан болатын. Ресейлік командада ол 17 матч өткізіп, 3 нәтижелі пас берді.

Айта кетейік, биылғы қысқы трансферде «Ростов» сапына қазақстандық футболшы Бактиер Зайнутдинов қоасылған болатын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или