«Ертіс» ресейлік командамен жолдастық матч өткізеді
<span>1 ақпан күні павлодарлық команда «Спартак-2» командасына қарсы жаттығу матчын өткізеді. </span>
<span>Құрама Мәскеулік «Спартактың» фарм-клубы болып табылады. Ұжым ресейдегі екінші санаттағы «ФНЛ» біріншілігінде өнер көрсетеді. Кездесу Белек қаласында өтеді. Еске сала кетейік, Түркияда павлодарлық команда екінші оқу-жаттығу жиындарын жүргізуде. </span>
<span>Жолдастық кездесу Астана уақыты бойынша 20:00 басталады деп күтілуде (өзгеріс болуы мүмкін). «ERTIS» ФК тікелей түсірілім өткізуді жоспарлауда. Толық ақпарат қосымша жария етіледі. </span>
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или