Қазақстандық каратэші Америка чемпионатында күміс жүлдегер атанды

Қазақстандық каратэші Америка чемпионатында күміс жүлдегер атанды

Ақтаулық спортшы Саламат Демеуов киокушинкай каратэ-додан Америка чемпионатында күміс жүлдеге ие болды, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Lada порталына сілтеме жасап.

ЧЕмпионатқа Жапония, Жаңа Зеландия, Ресей, Канада, Солтүстік Америка, Оңтүстік Америка, Болгария, Франция және Қазақстаннан келген спортшылар қатысты.

Қазақстанның атынан турнирде Саламат Демеуов бақ сынады. Саламат 70 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде бақ сынады.

Жарыс барысында қазақстандық спортшы қолын зақымдап алғанымен, жекпе-жекті соңына дейін жеткізіп, финалға шықты. 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или