«Астананың» келесі қарсыласы «Мидтьюлланд» жайлы мәлімет
«Астана» футболшылары БАӘ-дегі оқу-жаттығу жиындарын аяқтайды.Елорда ойыншылары оқу-жаттығу жиыны соңында Данияның қазіргі чемпиондары «Мидтьюлланға» қарсы жолдастық кездесу өткізеді.
Дат ойыншылары астаналықтарға жақсы таныс қарсылас. Екі команда 2018 жылы Чемпиондар Лигасының іріктеу кезеңі аясында кездесіп, жалпы қорытындыда Қазақстан өкілдері екі ойын қорытындысы бойынша 2:1 есебімен жеңіске жеткен болатын.
Жанкүйерлер тарапынан «қасқырлар» деген лақап атқа ие команда, БАӘ-де оқу-жаттығу жиынын өткізіп жатыр. «Мидтьюллан» өткен жылы Дания чемпиондығын иеленсе, осы жылғы маусымда «Копенгаген» командасынан 3 ұпайға қалып, турнирлік кестеде екінші орында келеді. Дегенмен, команда артта қалған 20 турда 50 гол соғып, чемпионаттағы ең нәтижелі командасы атанып отыр.
Команданың үздік сұрмергені нигериялық Пол Онуачу. 24 жастағы ойыншының еншісінде 11 гол бар. Нәтижелі ойыншылардың қатырында еншісіне 9 голдық пас жазған автралиялық Авер Мабил бар. Айта кетейік, 23 жастағы жартылай қорғаушы еурокубоктық маусым барысында португалиялық «Пасуш деФерейра» командасынан жалға ауысып, «Астанаға» қарсы ойында алаңға шыққан жоқ.
Жазда «Мидтьюллан» командасының бас бапкері ауысты. Қазан айында Якуб Торуптың орнына 51 жастағы Кенет Андерссен тағайындалды. Кенет клуб құрамында 2004 жылдан бастап қызмет жасап келеді.
«Астана» және «Мидтьюллан» арасындағы кездесу 30 қаңтар күні Қазақстан уақытымен 16:00-ге жоспарланған.