Сергей Шафф «Ақжайыққа» ауысуға жақын

Сергей Шафф «Ақжайыққа» ауысуға жақын

Қарағандылық «Шахтердің» бұрынғы ойыншысы Сергей Шафф «Ақжайықпен» келісімшартқа отыруға жақын, деп хабарлайды Prosports.kz.

30 жастағы шабуылшы 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап еркін агент атанған.

Былтыр Сергей «Шахтер» сапында ойнап, 23 матчта 2 гол мен 1 нәтижелі пастың авторы атанды.

Шафф қарағандылық футбол мектебінің түлегі саналады. Бұған дейін «Атырау», «Тараз», «Жетісу», «Алтай» және «Оқжетпес» сапында ойнаған.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или