«Тобыл» Оңтүстік Корея клубымен кездеседі

«Тобыл» Оңтүстік Корея клубымен кездеседі

Қостанайлық «Тобылдың» жиындағы екінші қарсыласы анықталды.

6 ақпанда қостанайлық клуб «Тэджон Ситизен» командасымен жолдастық матч өткізеді. Бұл 1997 жылы құрылған оңтүстіккореялық клуб. Команда өз алаңдағы матчтарын 41295 жанкүйер сыятын «Тэджон Ворлд Кап Стэдиум» стадионында өткізеді.

«Тэджон Ситизеннің» ең үздік жетістігі – 2001 жылы жеңіп алған Оңтүстік Корея кубогы. Ал ел чемпионатындағы ең жоғарғы нәтижесі – алтыншы орын.

2018 жылғы маусымнан соң клуб K League 1 (Оңтүстік Кореяның жоғарғы лигасы) дивизионына көтерілді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или