Бэйл «Реал» сапындағы 99-шы голын соқты
«Реал Мадридтің» шабуылшысы Гарет Бэйл испан Примерасының 21-турында «Эспаньол» қақпасына гол соқты, деп хабарлайды Prosports.kz.
29 жастағы футболшы 67-минутта көзге түсіп, есепті 4:1 қылған еді. Бұл Гареттің мадридтік клуб сапындағы 99-шы голы болды. Осынша гол соғу үшін Бэйлге 213 матч қажет болды.
«Эспаньолға» қарсы кездесу 4:2 есебімен аяқталған болатын.
Осы маусымда Гарет Бэйл «Реал» сапында барлық турнирде 24 матч өткізіп, 11 гол мен 5 нәтижелі пас авторы атанды.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или