Сергей Зайцев: Жастарға көңілім тоқ

Сергей Зайцев: Жастарға көңілім тоқ

Түркияда ОЖЖ-нын  өткізіп жатқан «Ақжайық» футбол клубының бас бапкері Сергей Зайцев дайындық жұмыстарының қалай өтіп жатқаны, команда қатарына қосылған жергілікті жастар туралы және алдағы жоспарлары жайында айтып берді. 

         -ОЖЖ-дағы жұмысымызды бастадық. Алғашқы жиын болған соң ең алдымен ойыншылардың физикалық жағдайын қалыпқа келтіруіміз керек. Қазір команда үш мезгіл жаттығып жүр. Жігіттердің күш-қуатын қалпына келтіріп, техника мен командалық тактиканы қалыптастыруымыз керек. Жаттығу кезінде басты күшті де осы аталған үш компонентті күшейтуге жұмсап жатырмыз. Алдымызға үлкен міндет қойылғандықтан, ОЖЖ кезінде тынбай еңбек ету маңызды. Өйткені, басты мақсат Премьер Лигаға оралу-деген Сергей Ларионович команда сапын толықтырған жастар жайында:

         -Команда сапына қосылған жастарға көңілім толып отыр. Кейбіреулері негізгі құрам ойыншысы болуға да дайын. Белгілі себептерге байланысты олардың атттарын атамаймын. Бар айтарым команда тізгінін ұстап қалатын жақсы ойыншылар бар. Дегенмен, оларға әлі талай еңбек ету керек. Футболда еңбексіз жақсы нәтиже болмайды,-деді.

Сондай-ақ команда құрамын жасақтау жайын да тілге тиек еткен бапкер команданы күшеуту мақсатында бірнеше ойыншы келетінін айтты.

Айта кетейік, «Ақжайық» футбол клубы ОЖЖ-дағы алғашқы жолдастық кездесуін ертең Сербияның «Спартак» командасына қарсы өткізеді.

 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или