Москаленко мен Нұрдәулетов жастар құрамасына барды
42 жастағы Александр Москаленко 21 жасқа дейінгі Қазақстан жастар құрамасының аға бапкері болып тағайындалды.
Москаленко футболшы ретінде «Болат» (Теміртау), «Восток» (Өскемен), «Жеңіс» (Астана), «Алма-Ата» (Алматы) және «Қайсар» (Қызылорда) командаларында ойнаған.
Москаленко бапкерлік қызметін 2011 жылы «Болат АМТ» клубында бас жаттықтырушы болып бастаған.
Москаленконың асистенті болып Қайрат Нұрдәулетов бекітілді. Ол соңғы жылдары Қазақстан ұлттық құрамасының бапкерлер штабында қызмет етті.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или