«Ертіс» екінші жиынға аттанды
Павлодарлық «Ертіс» футбол клубы Түркияда өтетін екінші оқу-жаттығу жиындарына аттанды. Бұл туралы клубтың баспасөз-қызметі жазды.
Дайындық жұмыстары ақпанның 8-не дейін жалғасады. Жиын барысында 4 жолдастық кездесу өткізу жоспарлануда. Қарсыластар жайлы нақты ақпарат қосымша жария етіледі.
Жиынға аттанған «Ертіс» ФК ойыншылары: Илья Сотник, Руслан Есімов, Дмитрий Шмидт, Рафкат Аслан, Каспарс Дубра, Станислав Лунин, Артем Попов, Арман Кенесов, Аслан Дарабаев, Патрик Хиди, Павел Шабалин, Тимур Мульдинов, Жереми Манзорро, Карлос Фонсека, Арман Смаилов, Момоду Сиссей.
Командаға қаралымға шақырылған футболшылар : Б. Таңірбергенов, М.Райымбек, Н.Сматов, Ж. Сұлтан, О. Балтабаев Н. Калмыков, Р. Каньяс, В. Мишель және «Ертіс» жастар құрамасының ойыншылары П. Баркунов , В. Сазонов.