«Реал» Эриксеннен бас тартып, Азарды сатып алмақ

«Реал» Эриксеннен бас тартып, Азарды сатып алмақ

Мадридтік «Реал» осы маусым біткен соң «Челсидің» жартылай қорғаушысы Эден Азарды сатып алмақ, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Реал» алдымен «Тоттенхэмнен» Кристиан Эриксенді алмақ болған еді. Бірақ бұл идеяларынан бас тартып, жаңа команданы Азар арқылы құруды жоспарлап отыр.

Айта кетейік, Азар әлі де болса «Челсимен» жаңа келісімшарт туралы келіскен жоқ. Қазіргі еңбек келісімі 2020 жылы жазда аяқталып, 28 жастағы бельгиялық еркін агент атанады.

Бұған дейін лондондық клуб Азар үшін 100 миллион фунт сұрайды деп хабаланған болатын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или