«Дат футболының ең табысты клубы». «Астана» қарсыластын таныстырды

«Дат футболының ең табысты клубы». «Астана» қарсыластын таныстырды

«Астана» футбол клубының БАӘ-дегі оқу-жаттығу жиындары жалғасуда. Елорда командасы осыған дейін жергілікті «Аль-Васл» командасына қарсы жолдастық кездесу өткізіп, Марин Томасовтың қос голы мен Роман Муртазаевтың нәтижелі соққысының арқасында 3:2 есебімен жеңіске жеткен болатын.

Қазақстанның бес дүркін чемпиондарының келесі қарсыласы – «Копенгаген» футбол клубы. Бұл команда құрылған 1992 жылдан бастап 12 мәрте Дания чемпионатын жеңіп, 8 рет Кубокта, 3 рет Суперкубокта топ жарған дат футболының ең табысты командаларының бірі.

Жанкүйерлер тарапынан «арыстандар» деген лақап атқа ие команда, Дания чемпионатының артта қалған 20-шы турынан кейін ізін кесіп келе жатқан «Мидтьюлланд» командасынан үш ұпайға алда келеді. Команданың осы чемпионаттағы сұрмергені дат футболының жұлдызы Роберт Сков. 22 жастағы вингердің еншісінде 18 гол мен 4 нәтижелі пас бар.

Одан бөлек, команда құрамынан ағылшындық «Манчестер Юнайтед», мадридтік «Реал» және немістің «Айнтрахт» командаларында доп тепкен Гельермо Вареланы ерекше атап өтуге болады. 25 жастағы уругвайлық қорғаушы «Копенгаген» сапына қаңтар айында қосылған.

Және де амстердамдық «Аякс» академиясының түлегі Виктор Фишерге ерекше назар аударуға болады. 24 жастағы ойыншы Англия және Германия чемпионаттарында доп теуіп, Дания құрамасы сапында 20 кездесу өткізіп үлгерген.

«Копенгаген» сапындағы тағы бір талантты ойыншылардың қатарында Баме Ндой бар. Сенегалдық шабуылшы Еуропада алғаш рет мәскеулік «Локомотив» сапында көзге түсіп, артынша ағылшындық «Сандерленд» және «Хал Сити», түріктің «Трабзонспор» командалары сапында доп тепкен. Африкалық ойыншы чемпионат аясындағы 20 кездесуде 12 гол соғып, 4 нәтижелі пас берген.

Алайда, команданың бас жұлдызы ретінде 50 жастағы бас бапкер Столе Сольбаккенді атауға болады. Норвегия құрамасы мен ағылшындық «Уиблдон» командасының экс-жартылай қорғаушысы «Копенгагенге» үш рет келген. Алдымен, 2000 жылы футболшы ретінде қосылса, артынша 2006 және 2013 жылдары команданың тізгінін ұстаған. Норвегиялық маман клуб сапында 10 жылдан астам қызмет жасап, осы аралықта Дания чемпионатын 6 мәрте жеңсе, үш рет Кубокты төбесіне көтерген.

«Копенгаген» - «Астана» арасындағы ойын Дубайда 27 қаңтар күні Қазақстан уақытымен 18:00-ге жоспарланған.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или