Руслан Есімов: Жанкүйерлеріміздің алдында қарыздармыз
Павлодарлық футбол клубының қорғаушысы Руслан Есімов команданың алдағы маусымдағы жоспарларымен бөлісті, деп хабарлайды pavlodarnews.kz тілшісі.
«Ертіс» ойыншысының айтуына қарағанда, футболшылар оң нәтиже көрсетіп, павлодарлық жанкүйерлер алдындағы қарызын өтеуге бел буып отыр.
- Өткен маусымды нашар аяқтадық, - деп мойындады Руслан Есімов. – Сондықтан, биыл футбол сүйер қауымның көңілін көтеретін нәтиже көрсетуге тырысамыз. Сол себепті, биылғы маусымда ең жоғары орындар үшін таласамыз.
Руслан Есімовтің сөзіне сенсек, жүлделі орындарға қол жеткізу міндетін орындауға мүмкіндік бар.
- «Ертіс» алдында жыл сайын осындай жоғары міндеттер жүктеледі, - дейді Руслан Есімов. – Бұл міндетті орындауға мүмкіндік жоқ емес, бар. Өз күшімізге сенеміз және жоғары орындарға қол жеткізуге күшімізді саламыз.
Команда көшбасшыларының бірінің сөзінше, бәсекелес командалардың жаңалықтарын ден қойып тыңдамайды.
- Әрине, басқа командалардағы кейбір жаңалықтарды естимін, бірақ соншалықты құлақ түріп тыңдамаймын, - дейді Руслан Есімов. – «Ертістегі» дайындыққа бар күшімді салудамын.