«Шахтер» Түркияда македониялық клубты ұтты
Бүгін қарағандылық «Шахтер» Түркиядағы оқу-жаттығу жиынында кезекті матчын өткізді, деп хабарлайды Prosports.kz клубтың ресми сайтына сілтеме жасап.
«Македония Герче Петров» командасымен кездескен қазақстандық клуб 2:1 есебімен қарсыласын жеңді.
Алғашқы таймда көзге түскен македониялықтар «кеншілер» сапынан Еркебұлан Нұрғалиевтің айып добының қақпаға дәл соғылған соққысы кейін есеңгіреп қалды.
Екінші таймда Сергей Мошников тағы бір гол соғып, осылайша, Қазақстанның қоржынына 2019 жылдағы ең алғашқы жеңісті әкелді.
«Шахтер»: Цуприков (46 Шацкий), Габышев (46 Әлімбаев), Тарасов (46 Мошников), Ткачук (Кульбеков 77), Чичулин (46 Барановсикй), Шаихов (Шұгаев 72), Наджарян (Әділов 66), Дроппа, Шахметов, Нұрғалиев (Нұрсейітов 82), Өміртаев (Бачек 59).