«Тобыл» Балаевқа қатысты мәлімдеме жасады
Қостанайлық «Тобыл» ФК әзірбайжандық қақпашы Эмиль Балаевпен келіссөздер жүргізіп жатырі, деп хабарлайды Prosports.kz клубтың баспасөз-қызметіне сілтеме жасап.
- Біз әлі келісім-шартқа отырған жоқпыз, келіссөздер жүргізіліп жатыр, - деді «Тобыл» ФК директоры Николай Панин әзірбайжандық БАҚ жазбасына қатысты пікір білдіріп.
Оның сөзінше, Azerifootball.com сайтында көрсетілген мәліметтер шындыққа жанаспайды.
- Қазіргі уақытта Эмиль Балаев клубта емес, - деп түсіндірді Панин.
«Сабаил» футбол клубының қақпашысы Балаев бұған дейін «Нефтчи», «Карабах», «Сумгаит» және немістің «Айнтрахт» командаларында ойнаған.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или