Роналду мемлекеттік наградадан айырылуы ықтимал
Португалия президенті Марселу Ребелу ди Созаның айтуынша, «Ювентус» шабуылшысы Криштиану Роналду испаниялық соттың шешіміне байланысты Инфанта дона Энрике Орденінен айырылуы ықтимал, деп хабарлайды Prosports.kz.
«Заң өте қарапайым: бұл жағдай наградадан айырылуына алып келер-келмесін министрлер шешеді. Тиісті шешімді заңды өкілеттілігі бар адамдар қабылдайды», - деді Португалия президенті.
Айта кетейік, Мадрид соты Роналдуды салықтан жалтарғаны үшін 23 айға шартты түрде соттап, 18,8 миллион доллар айыппұл салған болатын.
Инфанта дона Энрике ордені Португалия мәдениетін, тарихы мен құндылығын дәріптеген тұлғаларға беріледі. Елдегі ең құрметті наградалардың бірі саналатын орденді Роналду 2014 жылы алған болатын.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или