Балотелли «Марсель» командасына ауысты
«Марсельдің» баспасөз қызметі шабуылшы Марио Балотеллимен келісімшартқа қол қойды, деп хабарлайды Prosports.kz.
Италиялық футболшы «Ницца» командасынан «Марселге» еркін агент ретінде ауысты.
Келісімшарт 2018/19 жылғы маусымының аяғына дейін жасалды. «Марсель» осы трансферге 4 миллион еуро төлеуге дайын, сондай-ақ әр түрлі бонус түрінде 1,4 миллион еуро төлемек. Атап айтқанда, Марио осы маусымның соңында 10 гол соға алса, 600 мың еуро, ал жақсы мінез-құлық және этика нормаларын сақтай білсе 800 мың еуро алады.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или