«Мен құлағалы тұрған ұшақтамын. Әке, мен қатты қорқып тұрмын...»
«Кардифф Сити» шабуылшысы Эмилиано Сала ұшақта WhatsApp-пен бірнеше аудиохабарламалар жіберіп үлгерген, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Championat.com порталына сілтеме жасап.
«Сәлем, жігіттер, қалдарың қалай? Нантада көптеген істі тындырып, қазір құлағалы тұрған ұшақтамын. Кардиффқа ұшып барамын. Ертең жаңа командаммен жаттығу өткіземін.
Іні-қарындастарым, қалайсыңдар? Бәрі жақсы ма? Егер жарты сағаттан соң менен ешқандай хабар болмаса, мені іздестіріңіздер. Әке, мен қатты қорқып отырмын...», – делінген аудиохабарламада.
Эмилиано Сала Францияның «Нант» командасынан «Кардифф Ситиге» ауысқан жаңа командасына барар жолда іс-түзсіз жоғалып кетті.
Шетелдік ақпарат құралдарының жазуынша, футболшы 21 қаңтар күні жергілікті уақыт сағат 21:00-де Уэльске келуі керек болатын. Алайда, болжанған уақыттан бір сағат бұрын ұшақ радардан жоғалып кеткен. Содан бері еш хабар жоқ. Оны іздеу үшін екі тікұшақ пен бірнеше іздеу кемелері жіберілді.
Жоғалып кеткен Сала туралы жаңа деректер шықты