«Қайрат» Түркиядағы екінші оқу-жаттығу жиынына аттанды
Алматылық «Қайрат» Түркиядағы екінші оқу-жаттығу жиынына аттанды, деп хабарлайды Prosports.kz клубтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Қайраттың» Түркияға аттанған футболшылар саны - 25:
Қақпашылар: Владимир Плотников, Стас Покатилов, Данил Устименко, Дінмұхаммед Жомарт;
Қорғаушылар: Сергей Кейлер, Елдос Ахметов, Ян Вороговский, Ғафуржан Суюмбаев, Нуралы Алип, Александр Соколенко, Сергей Политевич, Раде Дугалич;
Жартылай қорғаушылар: Айбол Әбікен, Исламбек Қуат, Еркебұлан Тұңғышбаев, Магомед Парагульгов, Георгий Жуков, Рифат Нурмугамет, Рамазан Оразов, Бауыржан Исламхан, Конрад Вржещиньский;
Шабуылшылар: Адеринсола Эсеола, Мартон Эппель, Вячеслав Швырев, Самат Сарсенов.
Алматылық клуб оқу-жаттығу жиыны аясында екі кездесу өткізеді:
30.01.2019. «Қайрат» – «Чайка» (Песчанокопское, Ресей)
01.02.2019. «Қайрат» – «Вележ» (Мостар, Босния и Герцеговина)