Роналду «Реалдағы» досын «Ювентуске» ауысуға үгіттеп жүр
«Ювентус» шабуылшысы Криштиану Роналду мадридтік «Реал» қорғаушысы Марселоны өзімен бірге туриндік клубқа ілестіріп кетпек, – деп хабарлайды AS.com.
<span>33 жастағы португалиялық пен 30 жастағы бразилиялық мадридтік клуб сапында 2009-2018 жылдар арасында бірге ойнаған.</span>
<span>Басылым мәліметінше, Роналду және Марсело дос, сондықтан португалиялықтың «Ювентуске» ауысып кеткеннен кейін де қарым-қатынастарын үзбеген. Роналду Италияға көшу туралы Марселоға жиі айтатын көрінеді.</span>
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или