«Ордабасы» ойыншысы  «Тобылдың» жейдесін киді

«Ордабасы» ойыншысы  «Тобылдың» жейдесін киді

Никита Бочаров «Тобыл» ойыншысы атанды. Ресейлік жартылай қорғаушы командада екі жыл доп тебеді. Бұл туралы клубтың баспасөз-қызметі жазды.

Бочаровтың мансабы туған жері Санкт-Петербург қаласында басталды. Ол алдымен «Зенит» клубында өнер көрсетті. 2012 жылы Никита қазандық «Рубинмен» 3 жылға келісімшартқа отырды. Мұнан соң «Нефтехимик» және«Рубин-2» клубтарында ойнады. 2015 жылы «Томь» клубына көшті. 

2016 жылы ол «Ақтөбе» сапына қосылды. Мұнда 30-ға жуық ойын өткізіп, 7 гол соқты. 

Кейін ол «Ордабасы» құрамына ауысты. Бұл клубта ол 60 матчқа қатысып, 3 гол соқты. 

Туған күні: 12 маусым 1992 жыл <br /> Бойы: 185 см <br /> Салмағы: 74 кг <br /> Алаңдағы шебі: жартылай қорғаушы <br /> Азаматтығы: Ресей

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или