«Астананың» бұрынғы ойыншылары Испанияда кездесті

«Астананың» бұрынғы ойыншылары Испанияда кездесті

Испания Ла лигасының 20-шы туры аясында «Хетафе» өз алаңында үздік алтылықта тұрған «Алавес» командасын тас-талқан етіп жеңді, деп жазады prosports.kz.

Айта кетерлігі, бұл ойында қарсылас екі команда сапында да бұрын Қазақстанда доп тепкен футболшылар болды. Атап айтқанда алаң қожайындарының қатарында <span>Неманья </span><span>Максимович 90 минут бойы өнер көрсетті. Ал қонақтар 73-ші минутта Патрик Твумасиді ойынға қосты. Бұл екі ойыншы да кезінде «Астанада» өнер көрсеткен. </span>

«Хетафе» – «Алавес» 4:0

Гол соққандар: Мата, 33 (с пенальти), 88, Молина, 46, 55.

Хетафе: Сория — Суарес, Даконам, Бруно Гонсалес, Кабрера — Портильо (Сайс, 86), Максимович, Кристофоро, Антунеш (Дуро, 81) — Молина (Анхель, 76), Мата.

Алавес: Пачеко — Агиррегабириа, Химо Наварро, Марипан, Дуарте — Собрино (Твумаси, 73), Ману Гарсия (Вакасо, 65), Пина, Бурги — Бастон, Кальери (Гвидетти, 73).

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или