Қазақстандық көкпаршы Қырғызстанда «Көкпардың үздік ойыншысы» атанды
Бішкек қаласында Қазақстан Ұлттық құрама командасының жəне «Əулие-Ата» командасының жас шабандозы Құрманбек Тұрғанбек «Көкпар ойынының Ұлы үздік ойыншысы» номинациясын жеңіп алды, деп хабарлайды ҚазАқпаратқа сілтеме жасаған Prosports.kz.
<span>«2018 жылы Шолпан Атадағы Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының аясында көкпардан өткен жарыстың қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық құрама командасының жəне «Əулие-Ата» командасының жас шабандозы Құрманбек Тұрғанбек «Көкпар ойынының Ұлы (үздік) ойыншысы» номинациясына ие болды.</span>
<span> Айта кетсек, Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында ұлттық құрама сапында Құрманбек шеберлігімен ерекшеленіп, ең көп салым (37 салым) салған үздік ойыншы атанды. </span>
<span>Еске сала кетсек, Қырғыз Республикасында өткен ІІІ Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында Қазақстан құрамасы жалпыкомандалық есепте екінші орын алған болатын.</span>
<span>https://prosports.kz/kz/cabinet/blog/edit/news/307595</span>


