Ұлттық спорт

Қазақстандық көкпаршы Қырғызстанда «Көкпардың үздік ойыншысы» атанды

Қазақстандық көкпаршы Қырғызстанда «Көкпардың үздік ойыншысы» атанды
news-banner7
mobile-news-top

Бішкек қаласында Қазақстан Ұлттық құрама командасының жəне «Əулие-Ата» командасының жас шабандозы Құрманбек Тұрғанбек «Көкпар ойынының Ұлы үздік ойыншысы» номинациясын жеңіп алды, деп хабарлайды ҚазАқпаратқа сілтеме жасаған Prosports.kz.

«2018 жылы Шолпан Атадағы Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының аясында көкпардан өткен жарыстың қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық құрама командасының жəне «Əулие-Ата» командасының жас шабандозы Құрманбек Тұрғанбек «Көкпар ойынының Ұлы (үздік) ойыншысы» номинациясына ие болды.

Айта кетсек, Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында ұлттық құрама сапында Құрманбек шеберлігімен ерекшеленіп, ең көп салым (37 салым) салған үздік ойыншы атанды.

Еске сала кетсек, Қырғыз Республикасында өткен ІІІ Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында Қазақстан құрамасы жалпыкомандалық есепте екінші орын алған болатын.

https://prosports.kz/kz/cabinet/blog/edit/news/307595

Түпнұсқасы: inform.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер