Игуаин «Челсиге» ауысуға жақын

Игуаин «Челсиге» ауысуға жақын

«Миланда» жалда ойнап жүрген «Ювентус» шабуылшысы Гонсало Игуаин «Челсиге» ауысуға жақын, деп хабарлайды Prosports.kz.

Corriere dello Sport ақпаратына сүйенсек, тараптар арасындағы келіссөз аяқталған. Аргентиналық футболшы бүгін медициналық тексерістен өту үшін Лондонға ұшып бармақ. Игуаин «Челсимен» келісімшартқа қол қойған соң, «Милан» өз сапына «Дженоа» шабуылшысы Кшиштоф Пентекті қосады.

Бұған дейін, «Челси» Игуаинді осы маусымның соңына дейін жалға алатыны хабарланған болатын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или