Неймар түйелер жарысында жеңіске жетті. Видео
Катардағы қысқы турнеде «Пари Сен-Жермен» футболшылары жергілікті ипподромға барып, сол жақта дәстүрлі саналатын түйелер жарысына қатысты, деп хабарлайды Prosports.kz.
Түйенің үстінде футболшылардың өздері емес, роботтар отырды. Ал ойыншылар роботты қашықтықта бақылау пультімен басқарды. Бұл сайыста шабуылшы Неймар мен команда бапкері Томас Тухельдің түйелері жеңімпаз атанды.
Осы жарыстағы жеңістері үшін Неймар мен Тухель 25 мың еуро сыйақыдан алды. Олар бұл ақшаны қайырымдылық қорына жұмсамақ.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или