Аничич пен Логвиненко клубтың символикалық құрамына енді
Елордалық клуб 10 жылдағы таңдаулы құрамын жасақтауды жалғастырып жатыр.
Команда 10 жылдың ішінде 5 мәрте чемпион атанып, ел Кубогы мен Суперкубогында 3 рет жеңіске жетіп, Чемпиондар Лигасының топтық кезеңінде ойнап, үш рет Еуропа Лигасының топтық кезеңінде өнер көрсетіп және аталмыш турнирдің 1/16 финалына жолдама алған болатын.
Қазіргі уақытта таңдаулы құрамға Ненад Эрич, Абзал Бейсебеков және Дмитрий Шомко кіріп үлгерді. Ендігі кезек орталық қорғаушыларға келді.
Клубтың Вконтакте желісіндегі ресми парақшасында жанкүйерлер Марин Аничичке 57,53% дауыс берсе, Юрий Логвиненко 19,55% дауыс жинап үздік шықты.
Аничич команда құрамына 2014 жылы қосылып, 200 ойын өткзіп, 9 гол соққан. Босниялық қорғаушы елорда командасы сапында бес дүркін Қазақстан чемпионы атанып, екі мәрте Қазақстан Кубогы мен Суперкубогында жүлдегер атанған.
Логвиненко «Астанамен» 2016 жылы келісімшарт жасап, 100 ойын өткізіп, 9 гол соққан.
Дауыс беру бойынша үздік төрттік: <br /> 1.Марин Аничич 57,53% <br /> 2.Юрий Логвиненко 19,55% <br /> 3.Қайрат Нұрдаулетов 8,63% <br /> 4.Евгений Постников 6,66%