Александр Коночкин: Бактиер «Ростовтың» негізгі ойыншысы атана алмаса, Астанаға қайта оралады

Александр Коночкин: Бактиер «Ростовтың» негізгі ойыншысы атана алмаса, Астанаға қайта оралады

Өткен маусымда «Астана» сапында ойнаған Бактиер Зайнутдинов Ресей Премьер-Лигасының «Ростов» клубымен келісімшарт жасады. 20 жастағы жартылай қорғаушының «Астана» сапынан кетуі туралы елорда клубының спорт директоры Александр Коночкин толығырақ айтып берді.

<span lang="KZ">«2017 жылғы футбол маусымы аяқталғаннан кейін біздің клуб «Тараз» футбол клубымен және ойыншымен еңбек-шарты туралы келіссөздер жүргізген болатын. </span>Келіссөздер қорытындысы бойынша Бактиер «Астана» футбол клубы сапына 20 млн. теңгеге ауысқан еді. Сондай-ақ, клуб пен Зайнутдинов арасында үш жылдық келісім шарт жасалды. Және футболшының агенттерінің өтініші бойынша бір жылдың ішінде Зайнутдиновке шетелдік клубтан ұсыныс түскен жағдайда, келісім-шартты 50 миллион теңге көлеміндегі бағаға мерзімінен бұрын «сатып алу» мүмкіндігі қарастырылған болатын. 2018 жылғы футбол маусымы аяқталғаннан кейін, ойыншы мен оның өкілдері алдын ала жазылған келісімшартқа сәйкес, 50 миллион теңге көлеміндегі қаражатты клубқа төлеп, ойыншының құқығын өзледіріне қайтарып алған еді. Біз өз тарапымыздан келісім-шартты созып, екі жарым есеге жалақы көлемін арттыруға ниетті екендігімізді жеткіздік. Алайда, ол біздің ұсынысымыздан бас тартып, «Ростовқа» одан да төмен шартпен ауысуды жөн көрді. «Астана» футбол клубының осындай жас, әрі болшағынан зор үміт күттіретін ойыншыны жоғалтқаны өкінішті-ақ. Алайда, <span lang="KZ">бі</span>зде өз <span lang="KZ">мансабын уақытша қаржылай артықшылықтан </span>жоғары қоятын ойыншылар бар екендігі қуантады. Сонымен қатар, егер Бактиер осы жылдың ішінде «Ростовтың» негізгі ойыншысы атана алмаса, ол Астанаға қайта оралып, біз онымен ынтымақтастығымызды жалғастырамыз деген өзара келісіміміз бар<span lang="KZ">», - деді Александр Коночкин елордалық клубтың баспасөз қызметіне.</span>

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или