Коночкин: Зайнутдинов ақшаға құнықпады

Коночкин: Зайнутдинов ақшаға құнықпады

"Астана" футбол клубы   қазақстандық футболшы Бахтиер Зайнутдиновты команда сапында қалдырғысы келген және өзі алып жүрген жалақысын 2,5 жарым есеге көбейтпек болған. Бұл туралы елордалық команданың спорттық менеджері Александр Коночкин kazfootball.kz сайтына берген сұхбатында мәлім етті. 

"Зайнутдиновтай талантты футболшының біздің қатарымыздан кетуі өкінішті, біз оның команда сапында қалғанын қалағанбыз. Тіпті айлығын екі жарым есеге көбейтпек болдық. Бахтиер болса, ресейлік клубқа кетуді жөн санады және оның енді жаңа командасында алатын айлығы біз ұсынғаннан әлдеқайда аз. Біз Зайнудтиновке риза болдық, ақшаға құнықпағандар бар екен ғой".-деді Коночкин.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или