«Ақтөбе» Виталий Волковпен келісімшартты ұзартты
«Ақтөбе» ФК жартылай қорғаушысы тағы бір жыл ақтөбелік клуб сапында ойнайтын болды. Бұл туралы клубтың баспасөз-қызметі мәлім етті.
Волков «Ақтөбеге» 2018 жылдың ақпан айында ауысқан еді. Оның алдында көкшетаулық «Оқжетпесте» ойнады. Әмбебап, тәжірибелі ойыншы. Бірнеше позицияда ойнай алады: жартылай қорғаушы мен қаптал қорғаушысы позициясында жақсы ойнай біледі.
Виталий былтырғы маусымда «ақ-қызылдар» сапында 24 ойынға қатысқан.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или