Диакате «Ордабасыда» қалады
«Ордабасының» сенегалдық ойыншысы Абдулай Диакате клубта қалатын болды, деп хабарлайды Prosports.kz.
30 жастағы жартылай қорғаушы клубқа 2016 жылы «Атыраудан» ауысып келген болатын.
Ол шымкенттік клуб сапында 91 ойын өткізіп, 12 голдың авторы атанды.
Диакате ҚПЛ-ға ауыспас бұрын түркиялық үш клубта ойнаған еді. Ал Қазақстандағы мансабын «Таразда» бастады.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или