Әшірбеков мансабын аяқтап, «Ордабасының» спорт директоры атанды
«Ордабасының» ардагер футболшысы Қайрат Әшірбеков мансабын аяқтады, деп хабарлайды Prosports.kz.
36 жастағы футболшы клубтың спорт директоры қызметін атқарады. Қайрат «Ордабасыға» 2010 жылы қосылып, 183 ойынға қатысқан болатын. Осы кездесулерде ол 16 гол соқты.
Айта кетейік, Әшірбеков 2002-2007 жылдар арасында «Ақтөбеде» ойнаған кезде танымал болған еді. Ол «Ордабасыға» дейін қарағандылық «Шахтер» мен елордалық «Локомотивте» (қазіргі «Астана») ойнаған еді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или