Ресейлік жас футболшының голы бір күнде 3 млн қаралымға жетті

Ресейлік жас футболшының голы бір күнде 3 млн қаралымға жетті

«Чертановоның» жас шабуылшысы Сергей Пиняевтің ЦСКА қақпасына соққан голы ғаламтора бір күнде 3 миллион қаралымға жетті, деп жазады Prosports.kz.

14 жасар футболшы командаласынан пас алып, қорғаушыдан сытылып өтіп, жойқын соққы жасаған. Оның командасы 5:0 есебімен жеңіске жетті.

Жақын арада футболшы англиялық «Манчестер Юнайтедте» екі апта жаттығу жасап келеді. Форвард былтыр да «МЮ» сапында аз уақыт жаттыққан: сол кезде жасөспірімдер командасы құрамында бір матчқа қатысып, бес голдың авторы атанды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или