«Астана» БАӘ-нің жеті дүркін чемпионына қарсы ойнайды
«Астана» командасының БАӘ-дегі оқу-жаттығу жиындары аясындағы 24 қаңтар күнгі қарсыласы белгілі болды. Бұл туралы клубтың баспасөз-қызметі жазды.
Қазақстанның бес дүркін чемпиондары БАӘ-нің жеті дүркін чемпионы «Аль Васл» командасына қарсы ойнайды.
Дубай қаласының командасы чемпиондық атақтарынан бөлек, 2 мәрте ел Кубогында жеңіске жеткен.
«Аль Васл» соңғы маусымда Азия Чемпиондар лигасының топтық кезеңінде өнер көрсетіп, ішкі біріншілікте қол жүлдеге қол жеткізген.
Еске сала кетейік, астаналықтар БАӘ-дегі оқу-жаттығу жиыны аясында бұл командадан бөлек, даниялық «Мидтьюллан» және «Копенгаген» командаларына қарсы жолдастық кездесу өткізеді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или