Грузия құрамасының қақпашысы «Тобылға» ауысады

Грузия құрамасының қақпашысы «Тобылға» ауысады

Грузия ұлттық құрамасының қақпашысы Георгий Лория қостанайлық «Тобылға» ауысады, деп хабарлайды<span> </span>Prosports.kz.

Лория - «Динамо» (Тбилиси) футбол академиясының түлегі. Аталған клубта қақпашы 10 жыл өнер көрсетті. Одан кейін 2014 жылы Грекия жерінде доп тепті. Онда Ираклион қаласының <span>ОФИ клубының намысын қорғады.</span> 2015 жылдың жазында Лориа <span>«Олимпиакос» командасына ауысқан, алайда араға екі ай салып келісімшартты үзді. Осыдан кейін «Крылья Советтің» қатарына қосылған. </span>Осы уақыт ішінде грузин ойыншысы самаралық клубта 40 кездесу өткізіп, қақпасына 46 гол жіберіп алды.

Айта кету керек, Лори Грузия құрамасының қақпасын 2008 жылдан бері күзетіп келеді. Ұлттық құрама сапында 41 матч өткізген.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или