Семсерлесуден Қазақстан ерлер командасы әлем Кубогына қатысады
Бүгін Германияның Хайденхайм қаласында семсерлесуден әлем кубогінің кезеңі басталады, деп хабарлайды Prosports.kz ҰОК порталына сілтеме жасап.
13 қаңтарға дейін созылатын бәсекеге Қазақстан құрамасының спортшылары да қатысады.
Хайденхайм төрінде Руслан Курбанов, Дмитрий Алексанин, Эльмир Алимжанов, Дмитрий Адайкин, Вадим Шарлаимов және Иван Дерябин сынға түседі.
Еске сала кетейік, Швейцарияның Берн қаласында өткен әлем кубогі кезеңінде қазақстандық Дмитрий Алексанин қола медаль иеленген болатын.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или