«Қайрат» Вольфганг Гейгермен келісімшарт жасасты
«Қайрат» футбол клубының Академия директоры және клубтың жастар футболын дамыту бағдарламасының жетекшісі қызметіне неміс маманы Вольфганг Гейгер тағайындалды, деп хабарлайды prosports.kz.
<span>Вольфганг Гейгер</span> - өз елінде аса танымал маман. 61 жастағы маманның Бундеслигадағы жетекші клубтарда жүріп жинаған үлкен жұмыс тәжірибесі бар. Бапкерлік мансабын «Штутгарт» клубында аға жаттықтырушы ретінде бастаған. Содан кейін «Хоффенхайм», «Аусбург» және «Кёльн» футбол клубтарында табысты еңбек етті.
Соңғы жұмыс орны - Германияның қазіргі таңдағы үздік клубтарының бірі «РБ Лейпциг». Гейгер бұл клубта 2012 жылдан бастап Академияны дамытуға және талантты ойыншыларды іздеуге жауапты болды.
Алматылық клубтың баспасөз қызметінің жазуынша, <span>Вольфгангпен</span> келісімшарт үш жылға жоспарланған.