Еуропадағы ең қымбат футболшылар

Еуропадағы ең қымбат футболшылар

CIES Football Observatory сарапшылар тобы Еуропада ойнайтын ең қымбат футболшылар рейтингісін жариялады.

Еуропаның ең қымбат ойыншысы - «Пари Сен-Жермен» клубының 20 жастағы шабуылшысы Килиан Мбаппе. Оны сарапшылар 218,5 млн еуроға бағалаған. «Тоттенхэм» ойыншысы, Англия құрамасының капитаны Гарри Кейн 200,3 млн еуро көрсеткішімен екінші орынды иеленді. Үздіктер үштігін бразилиялық Неймар (197,1 млн еуро) түйіндеп тұр.

Айта кетейік, бес дүркін «Алтын доп» иегері атанған Лионель Месси 7-орынға сырғыды (171,2 млн еуро), ал «Ювентус» шабуылшысы Криштиану Роналду тіпті үздіктер ондығына кіре алмады. Сарапшылар 127,2 млн еуроға бағалаған Португалия құрамасының капитаны 19-орында тұр. 

 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или