Сеск Фабрегас «Стэмфорд Бриджбен» қош айтысты

Сеск Фабрегас «Стэмфорд Бриджбен» қош айтысты

«Челси» футболшысы Сеск Фабрегас «Стэмфорд Бриджбен» қош айтысты. Жартылай қорғаушы келесі аптада Францияның «Монако» клубына ауысады.

Кеше испаниялық ойыншы «Челси» сапындағы соңғы кездесуін өткізді. Лондон командасы ағылшын кубогында «Ноттингем Форестпен» алаңға шығып, 2:0 есебімен басым түсті. Фабрегас «Челсимен» 197 матчқа қатысып, премьер-лига чемпионы атанды. Англия және Лига кубогында жеңіске жетті.

Биыл команда тізгінін Сарри ұстағалы Фабрегас алаңға сирек шығып жүр. Чемпионатта небәрі алты ойынға араласты. 31 жастағы футболшының спорттық ғұмыры Лондонның тағы клубы «Арсеналда» басталған еді. Сеск атақты Тьерри Анримен тізе қосып, ағылшын премьер-лигасында атой салды.

Енді міне, француз футболшысымен қайта қосылады. Анри қазір «Монаконың» бас бапкері. Фабрегас ағылшын премьер-лигасында алты маусым бойы нәтижелі пастарының санын оннан асырып, бұл көрсеткіш жөнінен алғашқы ойыншы атады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или