«Қайсар» елімізге танымал футболшымен келісімшартқа отырды

«Қайсар» елімізге танымал футболшымен келісімшартқа отырды

Былтыр «Атырау» сапында ойнаған жартылай қорғаушы Марат Хайруллин жаңа маусымда қызылордалық «Қайсар» сапында өнер көрсетеді, деп хабарлайды Prosports.kz клубтың ресми сайтына сілтеме жасап.

Қазандық «Рубиннің» түлегі Қазақстан Премьер-лигасындағы сапарын 2007 жылы «Ақтөбе» сапында бастаған. «Ақ-қызылдар» сапында мансабының басым бөлігін өткізді. Соңғы екі маусымды көкшетаулық «Оқжетпес» пен «Атырау» сапында ойнады.

Былтыр «мұнайшылар» құрамында 25 ойын өткізіп, 7 гол мен 2 нәтижелі пастың авторы атанды. Жлпы алғанда, ҚПЛ-да 307 матчта алаңға шығып, 80 гол соққан. Қазақстан ұлттық құрамасы сапында 13 матчқа қатысқан.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или